«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ компанияның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасанды интеллект технологияларын пайдаланатын SOC Portal атты өз цифрлық әзірлемесін таныстырды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ компанияның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасанды интеллект технологияларын пайдаланатын SOC Portal атты өз цифрлық әзірлемесін таныстырды.

Әзірлеме Астанада өткен KazHackStan 2026 халықаралық конференциясында көрсетілді. Жүйені ҚТЖ ақпараттық қауіпсіздік қызметінің мамандары әзірлеп, қолданысқа енгізді.

SOC Portal ақпаратты қорғау құралдарын бірыңғай цифрлық кеңістікте біріктіреді. Мұндай жүйелерде жасанды интеллектті қолдану киберқауіптерді талдау мүмкіндіктерін дамытуға және корпоративтік инфрақұрылым қауіпсіздігінің мониторингін жетілдіруге ықпал етеді.

Жеке платформаны енгізу Қазақстанның теміржол саласын цифрлық трансформациялаудың және компанияның ішкі технологиялық құзыреттерін дамытудың бір бөлігі болып табылады.

← Жаңалықтарға қайту