«Казатомпром» ҰАК» АҚ өндірістік және басқарушылық процестерді цифрлық трансформациялауды жалғастыруда. Компания 2025–2034 жылдарға арналған цифрландыру стратегиясын және 2025–2029 жылдарға арналған жасанды интеллектті енгізу жөніндегі жол картасын бекітті.

Технологиялық дамудың негізгі бағыттарының бірі – процестерді роботтандырылған автоматтандыру (RPA) технологиясын қолдану. Компанияда бизнес-процестерді автоматтандыру үшін 20-дан астам бағдарламалық робот пайдаланылады. Сондай-ақ деректерді автоматты түрде жинау және өңдеу мүмкіндігі бар Power BI платформасында сатып алулар бойынша талдамалық есептілік енгізілді.

Казатомпром персоналды, ақпараттық технологияларды, өндірістік қауіпсіздік пен тәуекелдерді басқару процестерін біріктіретін eKAP бірыңғай цифрлық ортасын дамытуда. Цифрлық шешімдерді қолдану басқару тиімділігін арттыруға, қолмен орындалатын операцияларды қысқартуға және өндірістік процестерді жетілдіруге бағытталған.

← Жаңалықтарға қайту