«Қазпошта» АҚ жапониялық Toshiba компаниясымен бірлесіп, қойма логистикасы мен тапсырыстарды өңдеу процестеріне автоматтандырылған мобильді роботтарды (AMR) енгізу жобасын жүзеге асыруда.

«Қазпошта» АҚ жапониялық Toshiba компаниясымен бірлесіп, қойма логистикасы мен тапсырыстарды өңдеу процестеріне автоматтандырылған мобильді роботтарды (AMR) енгізу жобасын жүзеге асыруда.

2026 жылғы ақпанда компаниялар роботтандырылған жабдықты пайдалануға мамандарды даярлауды көздейтін жобаның екінші кезеңіне кірісті. 16–19 ақпан аралығында Toshiba сарапшылары Қазпошта қызметкерлеріне роботтарды басқару, жабдықты баптау, диагностика жүргізу және техникалық қызмет көрсету бойынша оқыту өткізді.

Мобильді роботтарды пайдалану қойма операцияларын автоматтандыруды дамытуға, жөнелтілімдерді өңдеу тиімділігін арттыруға және Қазақстанның логистикалық инфрақұрылымында роботтандырылған технологияларды кеңінен енгізуге жағдай жасауға мүмкіндік береді.

← Жаңалықтарға қайту